Development Bank of Kazakhstan JSC

04/29/2024 | Press release | Distributed by Public on 04/29/2024 03:41

ҚДБ Таяу Шығыстың қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайтуда

ҚДБ Таяу Шығыстың қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайтуда

26-29 сәуір аралығында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшылығы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бастаған қазақстандық делегация құрамында Эр-Риядтағы Ислам Даму Банкінің жыл сайынғы мерейтойлық отырысына қатысты. Бұл алаңда ҚДБ-ның Таяу Шығыс елдерінің қаржы институттарымен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.

«Осындай ірі алаңдардың жұмысына қатысу бізге шетелдік әріптестерімізбен байланысты нығайтуға, қазақстандық жобаларды қаржылық қолдау және өнімдерімізді шетелдік нарықтарға экспорттау үшін өзара әрекеттестік келешегін талқылауға көмектеседі. Мұның барлығы ұзақ мерзімді келешекте экономика үшін қосымша құндылық туғызады», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Делегация құрамы Ислам Даму Банкі тобының, Инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының, Халықаралық Ислам сауда-қаржы корпорациясының, Абу-Даби даму қорының және Сауд даму қорының (SFD) басшылығымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, ҚДБ басшылығының Al Rahji Bank және Banque Saudi Fransi сияқты қаржы институттарының, сондай-ақ Кувейт экономикалық даму қоры мен Халықаралық даму жөніндегі ОПЕК қорының өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті.

Бұл кездесулердің нәтижесі Таяу Шығыс елдерінің қаржы институттарымен іскерлік қатынастарды дамытуға жаңа серпін берді, бұл ұзақ мерзімді келешекте Банкке қарыз алу қоржынының географиясын әртараптандыруға мүмкіндік береді және пайдаланылатын қаржы құралдарының тізімдерін кеңейтуге көмектеседі. Сонымен қатар, осы институттармен стратегиялық серіктестіктер құру қаржы саласындағы технологиялардың тәжірибесімен, білімімен және соңғы жетістіктерімен алмасуға айтарлықтай ықпал етеді.

проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15Z05T3E2Астана
+7 (7172) 79 26 79